ҚР Үкіметінің арнайы қаулысы бүгін жарияланды
Армениялық көлікті тозғанша айдауға болады, деп хабарлайды Tengeonline телеграм арнасы.
Құжатта қанша жылға дейін уақытша тіркеуге болатыны көрсетілмеген сондықтан 18-аймаққа тиесілі сары нөмірдегі көлікті әбден тозғанша (көлік иесі оны бастапқы тіркеу не ел аумағынан шығару жөнінде шешім қабылдағанша) мінуге болады.
Машинаны Қазақстанда сата алмайсыз;.
Уақытша тіркеу үшін 0.25 АЕК, яғни 694.5 теңге төлеу қажет;
Көлік иесі мемлекеттік нөмір мен төлқұжат үшін (нөмірге – 2.8 АЕК не 6 111.6 теңге, ал төлқұжатқа – 1.25 АЕК не 4 167 теңге) төлем жасайды;
Уақытша тіркелген армениялық машиналарға Қазақстанда да, Арменияда да салық төленеді;
Техникалық тексерістен Қазақстанда өтуі керек;
Ал автокөлікті тұрақты тіркеуді ұйғарсаңыз, утилизациялық алым мен кедендік айырманы төлеуге тура келеді.