Тәжік акушерлері әйелді қалай босандыру керек екенін Қазақстаннан үйренуге келген

Автор: Azattyq Rýhy

Тәжікстаннан келген делегация Алматы, Түркістан және Шымкент қалаларына барған

Фото: ДСМ

Тәжікстаннан келген дәрігерлер делегациясы Қазақстандағы әйелдерді босандыру қызметінің жұмысын және тәжірибесін зерттеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тәжік делегациясының ішінде перзентханалардың акушерлері, гинекологтары мен бас дәрігерлер бар.

«Олар жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету саласындағы Қазақстан мамандарының озық жұмысымен танысты», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.