Әзірге бұл ұсыныс мемлекеттік органдармен бірелсіп талқыланып жатыр
Отбасы банк кейбір салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеуді тоқтатуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мемлекеттік сыйақы ылғи да болатынын атап өтті. Бірақ оны салымшылар арасында әділетті бөлу үшін жаңа өзгеріс енгізілуі мүмкін.
«Отбасы банктен» қарыз алу үшін депозит ашып, тұрақты түрде ақша жинаған салымшыларға мемлекеттік сыйақы беріледі. Ал жекелеген санаттар мәселесін жұмыс тобында талқыладық. Біріншісі – біз жеңілдікпен несие алған азаматтарды сыйақы төленетіндердің тізімінен алып тастауды ұсынып отырмыз. Мысалы, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша. Екіншісі – жай ғана мемлекеттік сыйақы алу үшін депозит ашып, кейін келісімшартты бұзып, кетіп қалатын салымшылар да мемлекеттік сыйақыдан қағылады», - деп түсіндірді Ибрагимова Үкіметте өткен брифингте.
Айтуынша, әзірге бұл ұсыныс қана, мемлекетік органдармен бірлесіп, талқыланып жатыр. Үкімет келісім беріп, Мәжіліс депутаттары мақұлдаса, бұл өзгеріс 2026 жылдан бастап күшіне енуі мүмкін.