Қала әкімшілігінің басшысы нақты сандарды атаған
Қазақстанның Байқоңыр қаласындағы ең төменгі жалақы мөлшері 140 мың теңге. Бұл туралы қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Байқоңыр қаласында биылғы ең төменгі жалақы - 26 939 рубль болды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 16,6% - ға өседі, яғни 31 416 рубль болмақ», - деді ол.
Оның сөзінше, әкімшілік халықты жұмыспен қамтуға басымдық беріп отыр. Байқоңырда тұратын 55,4 мың адамның 2024 жылы 553-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан.