Instagram-нан жоғалып кеткен қазақ әндері желіге қайта орала ма - ресми тұлға жауап берді
Бұл сұраққа байланысты Әділет министрлігі түсініктеме берді
Meta мен ән авторлары арасындағы қарым- қатынасты ұйымдасқан қоғамдық бірлестіктер, яғни құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар үйлестіреді. Қараша айының соңында осындай ұйымдардың бірі Шарт талаптарын ұзарту мәселесінде өзара түсіністікке келе алмай, ақыры осы жағдайға жеткен. Бұл туралы әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әділет министрлігі өз тарапынан дауды шешуге тырысқан, бірақ әзірге нәтиже жоқ.
«Қазақстанда құқықтарды ұжымдық басқару бойынша 15 ұйым бар. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай, өйткені әлемде әдетте 1-2 ұйым жұмыс істейді және Meta кіммен жұмыс істейтіні түсінікті. Біз осы бағытта жұмыс істейміз, соның ішінде олардың санын оңтайландыру керек. Қазір не істедік? Келіссөздерге басқа ұйымдар шықты. Бәсекелестік жағдайында Шарттың қандай да бір түрдегі талаптары талқыланады, белгілі бір келісімдер мен уағдаластықтар талқыланады деп сенеміз. Жақын арада бұл мәселе шешіледі деп үміттенеміз", – деді жұма күні Ботагөз Жақселекова.
Еске салсақ, бұған дейін қазақ әншілерінің әндері Instagram желісінен жоғалып кеткені белгілі болған. Желі қолданушылары Reels пен Stories-не әндерді қоса алмағанын айтқан. Отандық әншілер де желідегі әндерін таба алмай жатқанын хабарлаған еді.