Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ең алдымен тәрбие жұмыстарын күшейтуіміз керек, дейді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Павлодарда оқушыға қол көтерген мұғалім туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қоғам педагогтарға құрмет көрсетіп, жанжал тудыратын жағдайға жол бермеуі керек. Тәрбие жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Осы бағытта «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» қабылданған. Алдағы уақытта ата-аналардың мектепке, оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасын моральдық – этикалық тұрғыдан жоғары деңгейге жеткізу мақсатында тәрбие бағытында жұмыс істейтін боламыз. Ал Павлодар мектебінде болған жағдайға байланысты айтар болсақ, әрине, мұғалім ондай дөрекілікке жол бермеуі керек», - деді ол.
Еске салсақ, Павлодарда мектеп мұғалімі оқушыны тәртіпке салмақ болып ұрып жіберген. Оқушы партаға шығып алып, TikTok желісінде тараған дыбыстарды салып, айғайлаған. Кейін педагог жұмыстан қуылды.