30.11.2024, 20:15
Қоғам
Атырауда 33 жастағы келіншек суицид жасамақ болды
Оның пәтерді жалға алғаны анықталды
Фото: istockphoto.com
Бүгін, яғни, 30 қараша күні қала тұрғындары 8 қабаттың терезесінен секірмек болған әйелді байқап қалып, бірден полицияға хабарласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы Әнуарбек Хамидоллаев айтылған мекенжайға дереу келіп, пәтердің иесін анықтап, бірден көмекке жүгірді. Инспектор пәтерге кіріп, жоғары қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды.
«33 жастағы әйел адамның пәтерді жалға алғаны анықталды. Қазіргі таңда оның бұл әрекетке баруына не себеп болғанын полицияның жедел-тергеу тобы тексеруде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)