Қазақстандықтар 10 ай ішінде әкімдердің атына 1,1 млн рет өтініш жазған

Автор: Azattyq Rýhy

Оларды дұрыс қарамаған әкімдер жазаланған

Фото: gov.kz

Бас прокурор Берік Асылов жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер қарапайым халықтан түсетін өтініштерді қаншалықты тиянақты қарайтынын тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Асыловтың сөзіне сенсек,  өтініштерді дұрыс қарамаған 1652 лауазымды тұлға анықталған.

«Биыл 10 ай ішінде азаматтар әкімдерге 1,1 млн өтініш түсірген», - деп жазды Асылов Х әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.