Астананың біраз студенті екі күн бойы онлайн оқиды

Автор: Azattyq Rýhy

Өйткені, қалада ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымның отырысы өтеді

Фото: istockphoto.com

Осы аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері Астанадағы біраз студент онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлағандай, қала бойынша 4 университеттің студенттері онлайн форматта оқиды. Тағы екі оқу орнының студенттер ішінара онлайн оқуға көшеді.

«Тағы 2 жоғары оқу орнында каникул болады,  5 жоғары оқу орны – дәстүрлі, яғни, офлайн форматта оқиды.  Оқу форматына қатысты шешімді жоғары оқу орындары академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайды», - деп хабарлады министрліктің қоғаммен байланыс департаментіне жауапты Олжас Беркінбаев.