Атырауда тергеу изоляторындағы күдікті наразылық ретінде ине жұтып қойды

Автор: Дулат Асель

Оқиғаның мән-жайы нақтылануда

Фото: depositphotos.com

Атырау қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отырған күдікті ине жұтып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Патриот Telegram каналына сілтеме жасап.

Мұндай әрекеттер көбіне белгіленген режимге келіспеушілікті білдіру немесе изолятор әкімшілігіне жеке талаптарын жеткізу мақсатында жасалады.

Түрмелерде өткір заттарды жұту – өзін-өзі жарақаттаудың қауіпті түрі. Ол денсаулық пен өмірге елеулі қатер төндіреді. Мұндай әрекеттер, әдетте, дереу медициналық көмекті қажет етеді және тұтқындардың өз талаптарына назар аудартудың бір әдісі ретінде қолданылады.

«Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пікірін күтеміз. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда», - делінген жазбада.