Жүзімнің үлгілеріне сараптама жүргізілді
Жастар арасында трендке айналған «Шайн мускат» жүзіміне зертханалық сараптама жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес, «Шайн мускат» жүзімінен карантиндік зиянкестер табылған жоқ.
«Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш», - делінген ведомство хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары: