20.11.2024, 14:21
Қоғам
Уақыт белдеуінің халыққа қалай әсер етіп жатқанын зерттеу үшін 160 млн теңге сұралған – Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбектің пікірінше, бұдан азырақ ақша бөлінуі мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Жаңа уақыт белдеуі қазақстандықтарға қаалай әсер ететінін зерттеу үшін 160 млн теңге сұралған. Бұл туралы бүгін ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Үш жылғы бюджеттен 160 млн теңге сұралды. Шын мәнінде, 90-100 млн теңге бөлінеді деп ойлаймын. Конкурс жариялаймыз. Соңғы шешімді ұлттық ғылым кеңесі қабылдайды», - деп хабарлады Саясат Нұрбек.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше үкімет уақыт белдеуі бұрынғы сағатқа ауыспайтынын айтып, осы мәселеге нүкте қойған.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
