Айта кетейік, бүгін үкімет еліміздегі уақыт белдеуі енді қайтып өзгермейтінін мәлім еткен болатын
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкіметтің уақыт белдеуін өзгертпеу жайлы шешімі туралы ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз бүгін шешім қабылдадық. Оның себебін де түсіндірдік. Петиция бойынша ұсыныстарды да қабылдадық. Ал ертең не болатынын білмейміз, өмір өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан осы сәтте өмір сүру керек», - дейді министр үкіметтің баспасөз отырысынан кейінгі брифингте.
Үкімет отырысында министр Шаққалиев уақыт белдеуі өзгермейтінін мәлім еткен еді.