Медиациялық келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылуы мүмкін
Катонқарағай аудандық сотында Н. есімді азаматтың П.-ға 21 жасқа дейін жоғарғы оқу орнының оқу мерзімінде алимент өндіру туралы талабы қаралды, деп хабалайды Azattyq Rýhy Шығыс Қазақстан облыстық сотына сілтеме жасап.
Сот отырысы барысында тараптар соттың түсіндіру жұмыстары нәтижесінде дауды медиация тәртібімен шешуге өтініш білдірді. Медиациялық келісімге сәйкес, талап қоюшы өз арызынан бас тартты, ал жауапкер 21 жасқа дейін ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде алимент төлеуге міндеттенді.
Медиациялық келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылуы мүмкін.