Ақтауда ер адамды пиротехниканы пайдаланып, тәртіп бұзғаны үшін қамауға алынды
Полицияның мәліметінше, оқиға 17 қараша күні 15-ықшам ауданындағы полиция бекетінің жанында болған
Әлеуметтік желіде көлік терезесінен полицейлер бекеті маңайына петардалар лақтырған ер адамның видеосы таралды. Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші мен оның кәмелетке толмаған жолаушысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбада көліктің алдыңғы орындығында отырған жас жігіттің петарданы жағып, оны терезеден полиция бекетінің бағытына лақтырғаны көрінеді. Жазбада жүргізуші мен жолаушының оқиға барысында күліп отырғаны да естіледі.
Полицияның мәліметінше, оқиға 17 қараша күні 15-ықшам ауданындағы полиция бекетінің жанында болған.
«Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзғаны, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ қауіпсіздік белдіктерін қолданбағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жүргізуші мен жолаушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған жолаушы жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылды», – деп хабарлады полиция.
Ведомствоның мәлімдеуінше, сот шешімі бойынша қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін көліктің жолаушысы бес тәулікке арнайы қабылдау орнына қамауға алынды.