Ол әйелдер арасындағы кәсіпкерлік қарқынды дамып жатыр деген пікірде
Әзербайжан түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдер кеңесі делегациясының басшысы Сакина Бабаева «AMANAT» партиясының жанынан құрылған әйелдер қанатының форумында әйелдердің қоғамдағы рөлі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Айта кетейік, дәл қазір елордада «Әйелдер қанаты: Табысты жыл қорытындысы – ұлттық идеядан жаһандық ынтымаққа» атты тақырыпта форум өтіп жатыр.
«Бұл форумға Әзербайжандағы кәсіпкер әйелдер мен түркі палатасының әйелдер кәсіпкерлерінің атынан келдім. Бүгін тарихи күн болып отыр. 6 жыл бұрын біздің елде кәсіпкер әйелдердіңдің платформасы болмаған еді. Бізге осындай мүмкіндік берген ата-бабаларымызға алғыс айтқым келеді»,- дейді Сакина Бабаева.
Оның айтуынша, түркітілдес елдердің палатасы жанынан сауда-өндірістік палата жасақталған.
«2017 жылы біз әйелдер кәсіпкерлерінің платформасын құру жайлы бастама көтерген болатынбыз. Бүгінде 7 елдің жастары мен әйелдерін біріктіріп отырмыз. Мемлекет пен халық, кәсіпкерлер арасында көпір салып бердік. Экономикалық бағытты да дамытып жатырмыз. Бүгін «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының құрылғанына бір жыл толып отыр екен. «Аманат» сөзі түркітілдес елдерді біріктіріп отырған әлем»,- дейді Бабаева.
Сакина Бабаева осы мүмкіндікті пайдалана отырып әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау танытатын Қазақстан үкіметіне алғысын айтты.
«Бүгін түркі елдерінің әйелдері бас қосып отыр. Осы мүмкіндікті сыйлаған Қазақстан үкіметіне алғыс айтқым келеді. Біз, түркітілдес елдердің әйелдері бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Күн сайын елдің дамуына үлес қосуымыз қажет»,- дейді Сакина Бабаева сөзінің соңында.