Ұрланған ақша тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды
Орал қаласында полицейлер студенттерді қорқытып, ақшаларын иемденген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Патрульдік полицейлер Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, екі студентті қорқытып, 150 мың теңге шағын қарыз ресімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны өз есеп шоттарына аударған адамдарды ұстады.
«Жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді. Ұрланған ақша тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.