$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2024, 13:23
Қоғам

Дәрігердің қателігі үшін науқасқа қандай жағдайда өтемақы төленеді?

Тиісті өзгерістер жуырда күшіне енді

Дәрігердің қателігі үшін науқасқа қандай жағдайда өтемақы төленеді?

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігердің қателігі үшін науқасқа қандай жағдайда ақы төленетінін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заңға биыл сәуірде қол қойылғанын, ал құжаттың өзі қазан айының соңында күшіне енгенін еске салды. Айтуынша, сақтандыру институты жаңа құрал болғандықтан денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ең басты мақсат – қызмет барысында қателік жіберген медицина қызметкерлерін қосымша қорғау.

«Яғни, осы заң кәсіби жағынан жіберілген қателіктер болса және олар қылмыстық жүйеге жатпаса, медицина қызметкерлерін сақтандыру мәселесін қарастырады. Жұмыс берушілер қарамағындағы медицина қызметкерлері үшін жарна төлейді. Сосын арыз-шағым түсіп, дәрігердің қателігі мүгедектікке алып келсе және ол дәлелденсе, немесе өкінішке қарай өлімге әкеп соқса, сараптама комиссиясы тиісті жұмыстар жүргізіп, соның қорытындысы негізінде зардап шеккен науқасқа немесе оның туысқандарына заңмен белгіленген мөлшерде ақша төленеді», - дейді Әлназарова үкіметте өткен брифингте.

Министр заң дәрігердің қаржы және құқықтық жағынан қорғалуын, сонымен қатар зардап шеккен пациенттердің қосымша қорғалуын қамтамасыз ететінін тағы бір мәрте атап өтті.

Серіктес жаңалықтары