Шымкентте кәмелетке толмаған есірткі жасырушылар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталды

Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласында есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды. Олар Түркістан облысының тұрғындары, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Күдіктілер әр «закладка» үшін бір жарым мың теңгеден алған. Жағдайы жақсы отбасыдан шыққанына қарамастан, осындай қадамға барған. Ұстау барысында олардан «мефедронның» жүзден астам дозасы тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан. 

Соңғы аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 10 кг синтетика тәркіленді. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.