$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2024, 20:33
Қоғам

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды

Онымен қоса, екі өңірдегі ТЖД бастықтары да бас бостандықтарынан айырылды

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев бес жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы 39,7 млн теңге сомасында пара алған.

«Сондай-ақ Б. Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сот #Антикор #ТЖМ