«Көпбалалы аналар мен мүгедектігі барлар»: «Отбасы банк» жаңа бағдарламаларды іске қосады (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Оған 70 млрд доллар тартылмақ 

Фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Отбасы банк» жаңа бағдарламаларды іске қосатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін премьер-министрдің қатысуымен инвесторлар форумы өтті. Онда «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова келісімге қол қойды. Оған 70 млрд доллар тартылады. Сол арқылы жаңа бағдарламалар енгізіледі. Ол кісі бұл жөнінде маған келіп жеке айтты. III топтағы мүгедектер болсын, көпбалалы ана болсын, жалғызбасты аналар болсын, оларға жаңа бағдарламалар жүзеге асырылады. Сондықтан оларды күтемін»,- деді ол. 

Министр атағандай, қазіргі таңда елімізде 70 мыңнан астам мүгедектігі бар адамның баспанасы жоқ.