Елордада бірнеше көше 25 мамырға дейін жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғындарға кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлау ұсынылды

Фото: ашық дереккөзден

 

Елордада бірнеше көше жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен 25 мамырға дейін ішінара жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаланың көше-жол желісін орташа жөндеу шеңберінде Жеңіс даңғылы бойынша Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Бұқарбай батыр көшесі бойынша Жеңіс даңғылынан Ирченко көшесіне дейінгі учаскеде жол жүру бөлігі ішінара жабылады. Бұл жұмыстар 15-25 мамыр аралығында жүргізіледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері.