$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Түріне қарай алмадым»: Бишімбаев ісінде танылған прокурор есірткі таратқандар жайлы айтты

Ол есірткі таратумен қазір жастар айналысатынын жеткізді

«Түріне қарай алмадым»: Бишімбаев ісінде танылған прокурор есірткі таратқандар жайлы айтты
Фото: видеодан скриншот

Бишімбаев ісінде көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанова өзінің тәжірибесінде кездескен жастардың ісі жайлы JAUAP подкастында айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Айыптауда 12 жыл қызмет етіп келемін. Есірткіні тарату бойынша 7 жыл бұрын ересек адамдар айыпталса, қазір жастар өте көп. Бір жас жігіт болды. Есірткі таратумен, «закладкамен» айналысқан. Жақсы жоғары оқу орнына ақылы бөлімге түсіпті. Іс тергеліп, оның қылмысы дәлелденді. Ол өте қатты жылады. Жүрегіміз ауырды. Тамыз айында шешім шықты. Қыркүйекте университетке барудың орнына колонияға кетті. Ол осы іспен сәуір айынан бастап айналысқан. Баптың санкциясы жоғары, сондықтан көп жыл берді», - дейді Аймағанова.

Оның айтуынша, жігітпен жүрген қызы да соңынан ерген.

«Оның қызы жігітінің ісін жалғастырып, есірткі таратумен айналысқан. Ол процеске қыздың ата-анасы қатысты. Олардың жүзіне қарай алмадым. Өте өкінішті болды. Бұл жағдайда оларға көмек те көрсете алмайсың. Қыз саналы түрде жігітінің артынан түрмеге барамын деп шешкен. Бұл – қате. Есірткіні тарату бір сәт қана, ал оның салдары өте қиын. Ата-анасының, өзінің көз жасы көл болады. Бұл өміріңді түбегейлі өзгертеді», - дейді прокурор.  

Серіктес жаңалықтары