Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды
Қазақстанның әуежайлары мен вокзалдарында цифрлық паспорт пен жеке куәлік жарамды болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көлік министрлігі қағидаларды «Ақпараттандыру туралы» заңның 1-бабы 55-4) тармақшасына сәйкестендіру мақсатында бұйрық жобасын әзірлеген. Оған сәйкес, әуежай мен вокзалда тексерушілерге бұрын цифрлық форматқа ауыстырылған қағаз құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
«Бұйрықты қабылдау көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін жолаушыларға олардың жеке басын куәландыру кезінде цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты пайдалануға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді министрлік.
Бұйрық жобасы 11 қарашаға дейін қоғам талқысына шығарылған.