Ақтауда аутизмі бар жасөспірімді ұрып-соққан күдікті әлі табылмады

Автор: Azattyq Rýhy

Жасөспірімге операция жасалды

Германның анасының түсірген суреті

Ақтауда аутизм диагнозы бар жасөспірімді қатарласы соққыға, басын жарып, мұрнын сындырған болатын. 12 жастағы Германға ота жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Отадан кейін, анасының айтуынша, балада үйренген дағдылардың жоғалуы байқалмаған.

25 қазан, жұма күні ол ауруханадан ресми түрде шығарылады және мұрнындағы түтікшелер алынады.

Учаскелік инспекторлар №17 орта мектептің оқушыларын сұрастырды, алайда Германның анасы тергеудің әзірге нәтиже бермегенін айтады.

Айта кетейік, оқиға 10 қазан күні кешкісін 13-ықшам аудандағы №44 үйдің ауласында болған. Жасөспірімдердің осы үйде шағын топ құрып, өз қатарластарын қорқытып, әлімжеттік жасайтыны белгілі болған. Баланың анасы ата-аналарға балаларымен ашық әңгімелесу қажет екенін ескертеді.