Бұл көпқабатты үйлердің жылу жүйесінде апат болған
Атырау қаласында жылу маусымы басталғанына қарамастан, кейбір көпқабатты үйлерде жылу жүйесінде ақау шығып, тұрғындар пәтерлердің суық екеніне шағымданып жатыр. Әсіресе, Жерұйық ықшам ауданындағы бірнеше үйде жылу әлі берілмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy azh.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының мәліметінше, қаладағы 1033 көпқабатты үйге жылу берілген, бірақ 15 үйде апаттық жағдайлар болғандықтан, уақытша жылу беру тоқтатылған.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.