«Шашымды қиюға мәжбүрледі»: Қостанай облысында мектеп директоры оқушыны балағаттаған

Автор: Azattyq Rýhy

Қостанай аудандық прокуратурасы аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр

Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде балаларды балағаттаған мектеп директорының видеосы тарады. Оқиға Қостанай облысында орын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  жергілікті Qostanay.TV-ге сілтеме жасап.

Оқушының айтуынша, директор оның шашын қиюға мәжбүрлеген.

«Бізді директорға апарды. Дәлірек айтқанда, менің досымды және мені. Түсініктіме әкелмегеніміз үшін. Ол шашым үшін маған айқайлап, мені "ақымақ" деп атады, балалар үйі мен психиатриялық аурухананы айтып қорқытты. Менің шашым соншалықты ұзын емес еді, әрі кетсе 3-4 см, бірақ бұйра, сондықтан солай көрінеді», - дейді оқушы.

Қостанай аудандық прокуратурасы аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр.