Жылыту маусымы басталғалы 17 адам өрттен қаза тапты

Автор: Темірхан Айжан

Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам өрт шығып, 300-ден астам адам көз жұмады

Фото: istockphoto.com

Жылыту маусымы басталғалы тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі сақталмай, тілсіз жау адам өмірін жалмап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«1 қазаннан бастап жылыту кезеңі басталды. Тұрғын үй секторларында 100-ден астам өрт тіркеліп, 17 адам қаза тапты. Жарақат алғандар саны 13-ке жетті, оның ішінде 6 бала бар. Жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза тапты. Олардың көпшілігі Қарағанды, Ақмола, СҚО, ШҚО, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында болған», - деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында.

Оның дерегінше, өрттің өсуі Алматы, Астана, Шымкент қалалары және Алматы мен Маңғыстау облыстарында байқалады.