16 жастағы Шерзаттың өлімі: Талғарда Ұлттық ұлан әскері қоғамдық тәртіпті қадағалайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған

Фото: Halyq Uni

Алматы облысының Талғар қаласында соңғы оқиғалардан кейін қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау қызметін атқару үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жасар Шерзат Болат есімді жасөспірім кісі қолынан қайтыс болған еді.

Жасөспірімнің қазасынан кейін Шерзаттың туыстары істің ашық тергелуін талап етті.

Одан кейін марқұм Шерзаттың үйін әлдекімдер өртеп кетіп, полиция бұл отбасыны қорғауға алды.