Мұндай шешім ДСМ ұсынысы бойынша қабылданды
13 мамырдан бастап бірнеше қалаға әуе қатынасы жанданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Зайсан және Үржарға рейстер қайта ашылып жатыр. Рейстер қазақстандық әуе компанияларының ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Сапар көліктегі бас санитар мемлекеттік дәрігер бекіткен санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шарттарына сәйкес жүзеге асырылады», - деп жазылған хабарламада.
Әуе компаниялары Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын және сұранысты ескеріп, қалалар арасында қатынайтын рейстер санын өздері анықтайды. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына байланысты Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылған.