Семейде денесін 80 пайыз күйік шалған нәресте табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Куәгерлердің айтуынша, нәресте түскі сағат 12 шамасында табылған

istockphoto.com

Семейде денесін 80 пайыз күйік шалған нәресте табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Куәгерлердің айтуынша, нәресте түскі сағат 12 шамасында табылған. Кейін дереу ауруханаға жеткізілген. Жаңа туған қызға тек бір ай болған. Оның 80 пайыз денесін күйік шалған. 

Желіде тараған жазбаға Абай облысының прокуратурасы пікір қалдырды.  

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу Абай аудандық прокуратурасының ерекше бақылауына алынғанын хабарлаймыз, - деді прокуратура.