Теннисші Анна Данилина Қытайда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Анна Данилина мен Ирина Хромачева WTA додаларында үшінші рет жеңімпаз атанды. 

olympic.kz

Әлемнің 31-ракеткасы Анна Данилина Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге финалда америкалықтар Джессика Пегула және Айша Мухаммад жұбымен бақ сынасты. Матч 6:3, 7:6 есебімен Данилина мен Хромачева жеңісімен аяқталды. 

Осылайша, Анна Данилина мен Ирина Хромачева WTA додаларында үшінші рет жеңімпаз атанып отыр.