Кінәліге 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды
Cоттың үкімімен елордалық кометолог маман медициналық қызметпен лицензиясыз айналысып, денсаулыққа зиян келтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Ол тиісті лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді қолдану арқылы косметикалық процедура жүргізіп, нәтижесінде жәбірленушінің денесінде қабыну процесі орын алып, оған медициналық көмек қажет еткен.
«Кінәліге 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.