$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2024, 08:39
Қоғам

Астанада магистратураға түспекші болғандар алаяққа алданды

Полицияға 10 жәбірленуші шағым түсірген

Астанада магистратураға түспекші болғандар алаяққа алданды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

23 жастағы астаналық азаматша ақшалай сыйақы үшін үміткерлерге елордалық университетке түсуге көмектесуге уәде берген. Ол оқу орнында қажетті таныстары бар екенін айтып, сенімге кірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Соның салдарынан, 9 үміткер магистратураға түсу үшін 700 мың теңгеден, ал бір студент университетке түсу үшін 460 мың теңге төлеген. Алаяқ азаматша «клиенттерді» өз таныстары мен достары арқылы тапқан, ал олар оны өз кезегінде басқа адамдарға ұсынған.

«Алаяқтық жасады деп күдіктелген жас қыз өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - делінген хабарламда.

Серіктес жаңалықтары