Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Ол тамақтану орталығында бейтаныс азамат ұлынан қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап алып, белгісіз бағытта ізін суытқанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кейін осыған ұқсас арызбен тағы бір азамат полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мыңға жуық.
«Полицейлер “алаяқтық” бабы бойынша тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары аталған қылмыстарға қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол смартфондарды ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болды», - делінген хабарламада.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде, оның басқа да осыған ұқсас жайттарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.