Қазақстан халқы елге АЭС қажет пе, жоқ па деген сұраққа жауап беріп жатыр
Белгілі экономист Сапарбай Жұбаев АЭС құрылысы жөніндегі республикалық референдумда отбасымен бірге барып өз таңдауын жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол таңертең ерте жақындарымен бірге референдум учаскесіне барып, дауыс бергенін айтты.
«Бұл референдум өте маңызды болғандықтан, отбасымызбен барып дауыс бердік. Референдумға қатысуға келген халықтың қарасы қалың болды. Адамдар бюллетеньдерін алып, өз таңдауын жасады. Референдум учаскесінде бақылаушылар отырды. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі еді, мен де суретке түстім», - дейді Жұбаев.
Естеріңізге салайық, елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Референдум учаскелері кешкі 20:00-ге дейін ашық болады.