Сәбилерін енді бауырына басқан аналар белсенділік танытты
Алматы қаласындағы алты перзентхана мекемесінде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум аясында дауыс беру өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«14:00-ге дейін осы перзентханаларда 43 нәресте дүниеге келді, ал бүкіл ел бойынша референдумға Қазақстан азаматтарының 51,77%-ы дауыс берді», - деп хабарлады Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы қаласында барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар 20:00-ге дейін ашық болады.