БҚО-да соғыс ардагері үйінде дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

100 жастағы Вениамин Скаленко облыс тұрғындарынан қалғысы келмеген

Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында соғыс ардагері Вениамин Скаленко облыс тұрғындарынан қалыспай, референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс орталығы Орал қаласында тұратын 100 жастағы қария елдегі маңызды саяси науқандардан тыс қалған жоқпын дейді. 

«Бүгін біз үшін маңызды күн. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауы тиіс», - дейді ардагер. 

№447 учаскелік референдум комиссиясы ақсақалдық үйіне барып,  бюллетень жеткізіп берген. Өз кезегінде ардагер референдум комиссиясының мүшелеріне батасын берді.