Референдум күні заң бұзған екі адам жауапқа тартылды

Оларға айыппұл салынды

Референдум күні заң бұзған екі адам жауапқа тартылды
Фото: видеодан скриншот

Бүгін АЭС мәселесі жөніндегі референдумда заң бұған екі азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қараманов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол республикалық референдум қалыпты жағдайға өтіп жатқанын атап өтті.

«Бүгін екі заң бұзу фактісі анықталды. Біріншісі жеке тұлғаның қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуіне қатысты. Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, оған тиісті айыппұл салынды. Екіншісі – бұл заңсыз үгіт. Мұнда азаматтық тұлғаға қатысты осы Кодекстің 102-бабы бойынша айыппұл салынды. Екі жағдайда да құқықбұзушылар өз кінәсін мойындады», - деді Қараманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бас прокуратураның өкілі дауыс беру күні, яғни бүгін сауалнама таратуға және кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынғанын еске салды.

Оның айтуынша, прокуратура мен сот органдарына референдумға қатысты талап-арыз түспеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.