Қарағандыда бір шағын ауданның тұрғындары референдумға түгел барған (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін бірқатар аймақта көршілердің референдумға бірге барғанын жазған едік

видеодан скриншот

Қарағанды қаласындағы бір шағын ауданның тұрғындары АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдумға бірге барып, дауыс берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтқанда, шағын аудандағы №12, 27 үйлердің тұрғындары №133 референдум учаскесіне бірге барып, таңдау жасаған.

«Бүгінгі референдумда әркімнің дауысы маңызды, сондықтан, еліміздің кез-келген азаматы дауыса бергені абзал», - дейді шағын ауданның тұрғындары.