Тоқсанның төріне шыққан Әкім Тарази өз үйінде дауыс берді (ВИДЕО)

Автор: Аубакирова Нургуль

Комиссия мүшелері жазушының үйіне барған

Фото: Астана қаласының коммуникациялар қызметі

Астананың қарт тұрғындарының бірі 91 жастағы жазушы, драматург және сценарист Әкім Тарази АЭС жөніндегі референдумға үйінен қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Референдум комиссиясының мүшелері жазушының жасы үлкендігін ескеріп оның үйіне барған. Елорданың қарт тұрғынымен бірге оның отбасы мүшелері де үйден дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарын білдірген.

Еңбек Ері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Әкім Тарази астана мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты.

Естеріңізге салайық, елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Астанада сағат кешкі 20:00-ге дейін 352 сайлау учаскесі жұмыс істейді.