Саясат Нұрбек референдумға отбасымен бірге келіп дауыс берді

Автор: Аубакирова Нургуль

Шенеуніктің пікірінше, референдум әр отбасының болашағы үшін маңызды

Фото: Facebook парақшасынан

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АЭС құрылысы жөніндегі республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр референдум учаскесіне жақындарымен бірге келген.

«Бүгін біз де өз азаматтық таңдауымызды жасадық. Отбасымызбен бірге республикалық референдумда дауыс бердік. Қызым Фатима болса, бірінші рет сайлау учаскесіне барды. Ұлым Мұстафа екеуіне дауыс беру мен референдумның мәнін түсіндіріп бердім. Ел азаматы және отбасының иесі ретінде айтар болсам, бұл референдум – еліміздегі әр отбасының болашағы үшін маңызды», - деп жазды Саясат Нұрбек желідегі парақшасында.

Бүгін елімізде АЭС құрылысы жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Орталық референдум комиссиясы ұсынған соңғы деректерге сүйенсек, түске дейін азаматтардың 51 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген.

Референдум учаскелері таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.