Дауыс берушілер ұлттық ойындарға қатысты
Шымкенттегі референдум учаскелерінде азаматтарға ұлттық ойын ойнатылып, концерт қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкенттіктер дауыс беру күні тұрғындардың ауызбіршілігін арттырып, белсенділігін көрсетті. Референдум учаскелері алдында ұлттық ойындар ойнатылып, халықтың көңіл-күйін арттыратын мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Еске салсақ, 12:00-дегі ақпарат бойынша республиканың 4 804 102 азаматы референдумға қатысқан. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23%-і бюллетень алды.