Әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып Өскеменде дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Одан бөлек, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да референдумға қатысқан

Фото: yk-news.kz

Өскемен қаласында қарапайым халықпен қатар, танымал тұлғалар да дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып таңмен таласа референдум учаскесіне барған.

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова болса қаладағы №45 мектепте орналасқан №7 референдум учаскесіне барды.

«Бүгін мен азаматтық позициямды таныту үшін дауыс беруге келдім», - деді Рыпакова.