Қызылордада жергілікті тұрғынға қайтарымсыз несие алып беруге уәде берген алаяқ сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Фото: istockphoto.com

Қызылордада алаяқ сенімге кіру арқылы жергілікті тұрғынның ақшасын заңсыз иемденген. Ол қайтарымсыз 5 000 000 теңге несие алып беремін деп алдап, 300 000 теңге ақшасын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлермен 30 жастағы күдікті азаматша құрықталды.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 300-бабымен айыптау актісімен сотқа жолданған.

«Қызылорда қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сотталушы кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.