Түркістан облысында жаңа төселген асфальт бір күннен кейін жарылып кетті (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Тұрғындар мердігерлердің сапасыз жұмыс істегеніне наразы

Түркістан облысында жаңа төселген асфальт бір күннен кейін жарылып кетті (ВИДЕО)
Бейнеден кадр

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жаңа асфальт төселгеннен кейінгі күні жарылып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындар мердігерлердің сапасыз жұмыс істегеніне наразы. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы мердігерлер асфальтты толығымен ауыстырып, кемшіліктерді жойды деп сендірді.

«29 қыркүйекте «Қазавтожол» Түркістан облыстық филиалының мамандары орташа жөндеу жүргізілген Республикалық маңызы бар А-15 автожол уаскесінің 74-220-шы шақырымындағы ақауларды анықтады. Мердігер компанияға мәселені дереу шешу тапсырылды», - деді «Қазавтожол» ҰК АҚ ресми өкілі Сәкен Ділдахмед.

«Қазавтожолда» мердігер ұйымға тиісті зертханалар мен институттардың сапасы бойынша барлық қажетті қорытындылар мен растауларды бере отырып, барлық ақауларды қайта құру жолымен жоюды тапсырды. Сонымен қатар, компания айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Бұл учаскеде жұмыс шектеулі жағдайда жүргізілді, балама айналма жол жоқ. Учаскенің көлік құралдарының қарқындылығы 20 мыңнан асады, жүк көлігі - тәулігіне үш мың.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.