05.10.2024, 22:25
Қоғам
Қызылордада жергілікті тұрғынға қайтарымсыз несие алып беруге уәде берген алаяқ сотталды
Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Фото: istockphoto.com
Қызылордада алаяқ сенімге кіру арқылы жергілікті тұрғынның ақшасын заңсыз иемденген. Ол қайтарымсыз 5 000 000 теңге несие алып беремін деп алдап, 300 000 теңге ақшасын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлермен 30 жастағы күдікті азаматша құрықталды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 300-бабымен айыптау актісімен сотқа жолданған.
«Қызылорда қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сотталушы кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:26
«Бейіт басында жалғыз қалды»: Сәкен Майғазиевтің анасын жерлегеннен кейінгі халі жұртты жылатты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды