Халықтық штаб мүшелері аймақтарды аралады

Azattyq Rýhy

Бірнеше облыстың жұртшылығы штаб өкілдеріне өздерін мазалаған сұрақтарын қойды 

Халықтық штаб мүшелері аймақтарды аралады
Фото: халықтық штаб

Халықтық штаб өкілдері Ақмола, Қызылорда, Абай, Ақтөбе және Жетісу облыстарының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықтық штаб мүшелері Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс Академиясының ұжымымен кездесті. Жиында сөз алған штаб мүшелері АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу деген пікір білдірді. Себебі, 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 млрд киловаттан асуы мүмкін.

Халықтық штаб мүшесі Бауыржан Ыбыраев АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпарат айтты.

Ал, Жетісуда халықтық штаб мүшелері Ш.Уәлиханов атындағы  «Алтынемел»  мемориалдық мұражай қызметкерлерімен кездесті.

«Болашақта еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін АЭС ауадай қажет. Энергия экономикамыздың локомотиві болып деуге болады. Біздегі электр энергиясын тұтыну көлемі 2035 жылға қарай 152,4 млрд кВт/сағ болатыны болжанып отыр. Алайда қазіргі уақытта еліміздегі жұмыс істеп тұрған электр станциялары тек 135 млрд кВт/сағ электр энергиясын ғана қамтамасыз ете алады», - деді штаб мүшесі Серик Сембекұлы.

Сонымен қатар, АЭС салуды қолдау жөніндегі аймақтық Халықтық штаб мүшелері Қызылордадағы Абылайхан атындағы жоғарғы колледж оқытушыларымен кездесті, деп хабарлайды

Басқосуда штаб мүшесі Қуат Шарабидинов пен Сәрсенкүл Бихожа елімізде жылу, электр мәселесі ақсап тұрғанын айтты.

Жалпы Абылайхан атындағы Жоғарғы колледж ұжымының дені жас мамандар. Кездесуде олар атом энергетикасы туралы пікірлерін айтып, мазалаған сұрақтарын қойды.

Бұдан өзге, халықтық штабтың мүшелері Ақтөбе облысында «Қазақтелеком» филиалының ұжымымен кездесу өткізді. Штаб мүшелері атап өткендей, АЭС пайдалануға берілген жағдайда  көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61%-дан 40%-ға дейін төмендейді деген ақпарат айтты.

Ал, Абай облысы Бородулиха ауданына барған халықтық штаб мүшелері АЭС құрылысы туралы ауданының шағын және орта бизнес өкілдерімен пікір алмасты.

Халықтық штабтың баспасөз қызметі хабарлағандай, штаб мүшесі Ильяшева Гүлмира АЭС салу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында оның маңыздылығын талқылады.

«Сыртқы тәуекелдерді азайту және жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тексерілген халықаралық әріптестермен ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды енгізу көзделген. Азаматтардың денсаулығын, флора мен фаунаны қорғау мемлекеттің басымдықтарының бірі болып табылады. Сондықтан, АЭС бойынша халық оң шешім қабылдаған жағдайда, Қазақстанда осы салада озық технологияларды пайдалану, атап айтқанда, III және III+жаңа буын атом электр станциясын салу жоспарлануда. Олардың ерекшелігі-белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерін қосу. Олар ішкі және сыртқы шығу қатерлері жағдайында атом электр станцияларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.

Ал, Шығыс Қазақстан облысына барған штаб мүшелері Өскемен су арнасының қызметкерлерімен және БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді. Штаб мүшесі Сергей Коротин айтқандай, атом электр станцияларының құрылысы арқылы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге болады. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.