Ерболат Досаев Алматыдағы әрбір ардагердің біржолғы төлемін 5 млн теңгеге жеткізбек

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада 31 соғыс ардагері тұрады

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жеңістің 80 жылдығына дайындық мәселесі талқыланған ардагерлер кеңесінде соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік төлемді 5 млн теңгеге дейін жеткізу мәселесі қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қалада 31 соғыс ардагері мен 8 мүгедегі тұрады.

«ҰОС ардагерлеріне берілетін біржолғы төлемдерді 5 млн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндігіміз бар, тыл еңбеккерлеріне төлемді 100 мың теңгеге дейін жеткіземіз, яғни екі есеге арттырамыз. Сіздің өтінішіңіз негізінде келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде мәслихатқа осындай ұсыныс енгіземіз», - деді Ерболат Досаев ардагерлермен кездескен кезде.

Айта кетейік, кеңесте Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов пен өзге де қариялар сөз сөйлеген.