БҚО-да 2 мыңнан астам адам үй карантинінде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Батыс Қазақстанда коронавирустан 107 адам айығып шықты

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында 2245 адам үй карантинінде жатыр. Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Провизорлық стационарда – 21, карантиндік стационарда 64 адам жатыр. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 148 адам ем алуда. Батыс Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 107-ге жетті. Бүгін тағы алты адам жазылып, үйіне жіберілді», - деп жазылған хабарламада.

Баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, ауруханада жатқандардың біреуі ауыр халде жатыр.